Негізсіз тексерулерге жол берілмейді
Негізсіз тексерулерге жол берілмейді
271
оқылды
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов­ті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқық­тық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыл­мысқа қарсы күрес шаралары мен қылмыстық үдерістің үш буын­ды моделіне көшу жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. Прокурорлар 360 мыңнан астам қаулы мен тергеу органдарының хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде, 3 мыңнан астам азамат негізсіз қылмыстық айыптың құры­ғынан құтқарылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына қоғамның, азаматтардың және бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстары жайында айтылды. Бас прокурордың ай­туын­ша, жыл басынан бері қадағалау­-бақылау органдары 100 мыңнан астам кәсіпкердің құ­қығын қор­ғап, мыңнан астам негізсіз тексерудің жолын кескен. Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарының тапсырмаларды орындау барысындағы жұмыстарына оң баға беріп, қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықты одан ары қамтамасыз ету қажет екеніне баса мән берді.