Ұрланған 200 телефон иесіне қайтарылды
Ұрланған 200 телефон иесіне қайтарылды
198
оқылды
Павлодарлық полицейлер  қалта ұрылары қолды қылған 200 телефонды  бұрынғы иелеріне қайтарды. Сөйтіп,  телефон ұрлығы ашылмай қалатыны жайлы ел арасында қалыптасқан көзқарасқа қарсы уәж айтқандай болды. Polisia.kz сайтының мәлімет­теріне  қарағанда, павлодарлық полицейлер 200 гаджетті бір күнде қайтармапты,  жыл басынан бергі есеп-қисап екен. Ал жуырда қалада 260 мың теңгенің смартфонын қол­ды қылған бір тұрғын,  тағы бір дүкеннен 160 мың теңгенің гаджетін ұрлаған  азамат ұсталған. Бір ұры телефон үшін көлік терезесін де сындырыпты, сөйтіп 200 мыңның смартфонын алып кеткен. Қоғамдық көлікте жолаушының телефонын алып кеткендер де анықталды.  Бәрі де бір күнде тіркелген ұрлықтар. Абырой болғанда ұрылар түгел ұсталды.  Алайда бір күннің өзінде кемі адам ұрлық істесе, жылына  қолды болатын гаджеттер саны  1200-ден асып кетер еді. Ал оның 200-і ғана табылса  сөз басында айтқан «телефон ұрлығы ашылмайды» дейтін көзқарасты жоюға әлі де болса қауқарсыз тәрізді.  

А.СҰЛТАН