Алты тарихи сериалдың таныстырылымы өтті
Алты тарихи сериалдың таныстырылымы өтті
280
оқылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Qazaqstan телеарнасы киносүйер қауымға ерекше сый жасамақ. Соның аясында «Жәңгір хан. Сарай сыры», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Домалақ ана», «Тәшенев. Тайталас», «Қаныш. Қазына», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емес­пін» тарихи телехикаяларының таныстырылымы өтті. Таныстырылым алдында сөз алған Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тарихи сериалдардың Тәуелсіздік тойы­ның қарсаңында көрерменге жол тартқанын еске салды. «Тәуелсіз­діктің 30 жылында қазақтың рухы­ның да, намысының да, тілінің де, ділінің де өскенін әлем көрді. Бүгін тұсауы кесіліп отырған туындылар осы Тәуелсіздіктің бір үлкен нәти­жесі деп айтсам, артық емес қой деп ойлаймын. Сырттан алынған ештеңе жоқ бұл жерде. Бұл – біздің нақты өміріміз. Бұл – біздің нақты тарихымыз», – деген вице-премьер Qazaqstan телеарнасының ұжымы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне алғыс білдірді. Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырылым соңында шара қатысушыларына кор­порация­­ның келесі жылғы сериал өндірісі туралы айтып өтті. «Корпорация 2022 жылы түсірілетін сериалдарға ашық байқау жариялап, қазір 188 жоба қабылдады. Тарихи тұлғаларымыздың өмірін, бейнесін экран арқылы дәріптеу ісінде алға қойған мақсат-мінде­тімізге сай келер жылы Әлихан Бөкейханов, Әлкей Марғұлан, Дина Нұрпейісова, Мағжан Жұма­баев туралы тарихи жобалар түсіру­ді жоспарлап отырмыз. Ғабит Мү­сі­ре­повтің «Ұлпан» романын экранизациялау мақсаты тұр. Затаевич пен Брусиловскийдің қазақ музыка мәдениетіне сіңірген еңбегі де бір телехикаяға арқау болар­лықтай. Биыл сонымен бірге кор­по­рация­ның түркі елдеріне ортақ тұлға «Қорқыт ата» тұлғасына арналған телехикаяның шығарма­шылық жұмыстары басталды. Түркия сериал өндірушілерімен бірлесе қолға алынған  телехикая­ның түсірілімі үш жылға жалға­сады», – деп атап өтті Л.Танысбай.