Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
293
оқылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қы­зылдорда облысы Жаңа­қор­ған ауданында бірқатар әлеуметтік нысан ашылып, тұрғындарды шат-шады­ман етті. Аудандағы айту­лы шараларға аймақ бас­шысы Гүлшара Әбдіқа­лы­қова қатысып, игі істердің басы-қасынан табылды. Өңір басшысы алдымен Тө­менарық ауылдық округіндегі мем­лекеттік-жекешелік әріп­тес­тік аясында салынған спорт ке­шенінде болды. Жаңа ғимарат құ­рылысын «Айару» жеке кәсіп­кері жүргізген. 12 адамды жұ­мыспен қамтыған спорт кеше­нінде қазір 170-ке жуық бала ер­кін күреспен айналысып, дзюдо және баскетболмен жаттығуда. Облыс әкімі балалардың спорт­пен машықтануына жағдай жа­саған кәсіпкермен пікірлесіп, спортзалда шынығып жатқан жас­өспірімдермен тілдесті. Сон­дай-ақ ауылдық округтегі ақса­қалдар­мен кездесіп, ауылды да­мытуға қажетті ұсыныстарын тыңдады. Әрі қарай Гүлшара Әбдіқа­лықова Келінтөбе ауылдық округіне барды. Ауылдың 4 мыңға жуық тұрғыны бар. Елді мекенде кәсіпкерлікке ден қойған аза­маттар саны артқан. Мәселен, биыл ауылдың 12 тұрғыны «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерліктің қыр-сырын үй­ренсе, 8 адам кәсібін дамыту үшін грант иегері атанған. Мұнда өңір басшысы жаңадан салынған әкім аппаратының ғимаратымен та­нысты. Нысан тамыз айында пай­далануға берілген. Ғимаратта халыққа қызметке көрсету бұ­рышы жұмыс істейді. Аймақ басшысы Қандөз елді мекенінде мемлекеттік-жеке­шелік әріптестік аясында са­лынған спорт кешенінің жұмы­сымен де танысты. Өткен жылдың наурыз айында пайдалануға берілген нысанда бүгін 126 бала спорттың 3 түрі бойынша жатты­ғады. Спорт кешені арқылы 11 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда да облыс әкімі ауыл тұр­ғындарымен кездесіп, инфра­құрылым мәселелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәсе­лелерді кезең-кезеңімен шешіле­тінін қаперге салды. нысан Сондай-ақ Президент тап­сырмасына сәйкес өңірдегі 2 156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржы­ландыруды 2021 жылғы 212 млн теңгеден, келер жылы 638 млн теңгеге ұлғайту жоспарда бар еке­нін және осы арқылы 4 312 бала­ны бұқаралық спортқа тарту көз­­делгенін алға тартты. Ауыл спортын көтеруге атсалысып, жеке қаражаты есебінен нысан салып, мүдделестік танытқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Бұдан соң аймақ басшысы ауданға қарасты Жаңарық елді мекеніндегі мемлекеттік-жеке­шелік әріптестік аясында са­лын­ған ауылдық дәрігерлік амбу­ла­торияның ашылу рәсіміне қа­тысты. Салтанатты шарада өңір бас­шысы ұлт денсаулығын ны­ғайту мемлекеттік саясаттың ба­сым бағыттарының бірі екенін, дәрігерлік амбулаторияның ашы­луы ауыл тұрғындарына меди­циналық көмекті қолжетімді ету­ге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
– Мемлекет басшысының өт­кен жылғы Жолдауында денсау­лық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы 3 жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельд­шер­лік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Аймақтың барлық ауда­нында медициналық объектілер жаңадан салынып жатыр. Былтыр Жалағаш ауданында 100 төсектік заманауи орталық аурухананы пайдалануға берсек, осы жылы тамыз айында облыс орталығынан модульді жұқпалы аурулар ауру­ханасын пайдалануға бердік. Жыл соңына дейін Қазалы ауда­нынан 250 емделушіге арналған емхананы ел игілігіне табыс­тайтын боламыз. Міне, бүгін Жаңарық ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылуының куәсі болып тұрмыз. Жаңа амбулаторияны мемле­кеттік-жекешелік әріптестік не­гізінде «Ныш-Ер» құрылыс ком­паниясы қысқа мерзімде салып, сіздердің игіліктеріңізге пайда­лануға беріп отыр. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына шын жүректен тілектеспін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Қазір ауданда 3 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Ал жаңа дәрігерлік амбулаторияда егу бөлмесі, дәрігерлерге дейінгі қабылдау және күндізгі жатын бөлмелері бар.

Қызылорда облысы