Таяқ жеген күйеу
Таяқ жеген күйеу
–  Көбінесе әйелдер күйеу­лерінен торт емес, таяқ жейтін. Ішіп келіп ұрады, іштері пысып келіп ұрады, немесе ұрғысы келіп, талтайып тұрады. Ал, Шымкент қаласының Самал мөлтек ауда­нын­да тұратын Тойлыбай Арап­баевты әйелі ұрады. Тойлыбай негізінде өте момын жігіт. Қой аузынан шөп алмайды. Әйелі Күлзипа Қарабалаева пысық әйел, ауадағыны алмап, жердегіні жалмайтыны да бар. Құдай өзі кешірісін, мен Тойлыбай көкеме жақтасайын, соның сойы­лын соғайын деген ойдан аулақпын. Күлзипа бір ашуланса, тоқта­майтын көрінеді. – Сен ешекке тигеніме өкі­немін, Үйде ет жоқ, сенде бет жоқ. Жұмысың құрысын,айлығың қы­рық мың теге, ол неге жетеді, свет пен газға кетеді. – Айлығым көтеріледі дейді. – Қаншаға? – Қырық бір мың болады екен. – Сорлы, сорлысың сен! ‒деген әйелі оның бетіне шапалақпен салып қалды. Онымен қоймай, бүйірінен бір тепті. Шымкентте де осындай әйеліне әй дей алмайтын ез еркек бар екен‒ау, Тойлыбай көкеміз үндемей отыра берді. – Сорлы! Тендерден тіліп жейтін, бюджет қаржысын біліп жейтін мамандыққа оқымаған екенсің де! Неғып ауыл шаруа­шылығы маманы болмадың екен? Шенеунігі бол­ғаныңда ғой! Телебезерден хабарлап жатыр, Агро саласындағы шенеу­ніктер жоқ малға субсидия бөліп, қыраур қаржыны талан‒таражға сал­ған. – Менің оған қатысым не? ‒деп сұрады күйіп кеткен күйеуі. – Солар құрлы болмадың ғой сен! БатысҚазақстан облысында жоқ малға субсидия бөлген деймін. – Е,бөлсе бөледі, ұсталса өледі, ‒деді Тойлыюай. – Сен тым болмаса, аудан әкімі де бола алмадың ғой, ‒деген әйелі оның басына ожаумен салып қалды. Тойлыбай біраз уақыт талып қалды. – Неге ұра бресің? – Ұрмағанда ше? Жейтін жерден жұмыс тап!Әйел құрлы жоқсың сен! Павлодар облы­сындағы ақпараттық тенологиялар колледжінің бас бух­гал­тері Без­палая туралы есіттің бе? – Жоқ. – Бәле, оқ! ‒деген әйелі оның ба­сына ожаумен тағы да салып қалды, осымен екінші рет көкеміз та­лып қалды. Сәлден кейін жыпы­лықтатып көздерін ашты. – Басыма ұра бермеші! Арқама ұр! – Сол әйел құрлы жоқсың ғой! Бюд­жеттің жиырма алты миллион тең­гесін жымқырған! Ал сен отыр­сың, екі бірдей дипломың болса да! – Ол әйел қалай жымқыра берген десеңші? – Колледжге таныстарын, туыс­­тарын жүмысқа алған болып, жалған құжат жасап, солардың аты­нан ай­лық ала берген ғой. Сондай қулық сен сүмелектің қолыңнан келер ме еді?– деген ол тағы да ожаумен күйеуі­нің басына салып қалды. – Мен сені сотқа беремін! ‒деген Тойлыбай атып тұрды. Он күнге қаматамын! –  Ойбай, саған жан бітейін деген бе? – Мен де адам баласымын! Әйел деген күйеуін ұрмайды. Қаншама рет үйден қашып кетіп, «за күйік» достарымның үйіне қонып, арақ ішіп кеттім. Қой деген соң қоймайсың ба? Естіген елден де ұялмайды екенсің! Бастық бола алмасам, бюджеттен жымқыра алмасам, сол үшін кінәлі­мін бе? Жемқорлар сазайын тартып жатыр! Менің арым таза! – Тарт тіліңді, сүмелек десе! ‒деген әйелі тұра ұмтылды. Оның басына небір ыдыс аяқтарды лақ­ты­рып, бір-ақ ұрып құлатты.Көз кө­герді, ерін жыртылды. Ептеңіне Той­лыбай кө­кем полицияға арыз­данды. Полицей­лер алғаш сенбеді. Ішкіш біреудің сандырағы деп ойлады. Әйел затына қол көтеріп көр­меген Тойлыбай кө­кеміздің көр­шлері растаған соң ғана, Күлзипа Қара­балаеваны қамаққа алатын бол­ған. Бірақ әйелі әйтеуір құ­тылып кет­ті. Енді ол сотқа арыз беріп, кү­йеуімен ажыраспақ. Оны қойшы, мо­мын байғұсты үйінен қуып жібер­ген.Заң бәріне бірдей дейміз, деген­мен әйелдер айтса, басшұлғып, со­ларды мақұлдай беретініміз бар...  

Мара РАМАНҚЫЗЫ