Жамбыл облысында ер адам көпірден секірмек болды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 3 желтоқсанда күндіз Шу қаласының 39 жастағы тұрғыны темір жол вокзалының жаяу жүргіншілеріне арналған көпірінен секіріп кетпек болды. Оны өтіп бара жатқан адамдар байқап, желілік полиция бөліміне хабарлады. Оқиға орнына кезекші жедел тергеу тобы жіберілді. Полиция капитаны Әзілхан Ілиясов ер адаммен сөйлесіп, оны қауіпсіз жерге түсуге көндірген.«Ол өз өзіне қол жұмсауға не итермелегендігін айтудан бас тартты. Оқиға кезінде ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) шартты түрде жазасын өтеуде. Аталған факті Шу стансасының желілік полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адам отбасымен бірге», – деп атап өтті департаменттегілер.