Ақтөбеде жол талғамайтын көлік оқушыны қағып кетті
Ақтөбеде жол талғамайтын көлік оқушыны қағып кетті
179
оқылды
Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"3 желтоқсанда сағат 21.05-те 32 жастағы Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен қозғалып бара жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2006 жылғы кәмелетке толмаған балаға жол бермей, қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "ЖҚЕ бұзу" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.