Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"3 желтоқсанда сағат 21.05-те 32 жастағы Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен қозғалып бара жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2006 жылғы кәмелетке толмаған балаға жол бермей, қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "ЖҚЕ бұзу" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.