Ауа райына байланысты 5 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 5 өңірде ескерту жарияланды
Қазақстанның бес облысында 5 желтоқсанда тұман, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды. Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман, көктайғақ болады. Күндіз Ақмола облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. 5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы таңертең және күндіз таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 желтоқсанда оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.