Қазақстандық Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Фристайл-могулдан әлем кубогінің алғашқы кезеңі Финляндияның Рика қаласында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы сын бойынша Қазақстан құрамасы бір жүлдемен толықты. Павел Колмаков финалда 82.10 ұпай жинап, жарысты екінші болып аяқтады. Канадалық Майкл Кингсбери топ жарса, жапониялық Юкима Хоришима үздік үштікті қорытындылады.