Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының бірінде субұрқаққа секірген жігіт ұсталды
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының бірінде субұрқаққа секірген жігіт ұсталды
150
оқылды
Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Mega SilkWay сауда орталығында екінші қабаттан фонтанға секірген тұрғынды ұстады. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алынды.

«Полицияның «102» арнасына «Mega SilkWay» сауда ойын-сауық орталығының субұрқағына екінші қабаттан жас жігіттің секіргені туралы хабарлама түсті. Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, 1 қабатта орналасқан субұрқаққа секірген. Қауіпті әрекетке орталық келушілері куә болған. Жас жігітті сауда ойын-сауық орталығының күзетшілері ұстап, полиция қызметкеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ақпаратында.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол қамауға алынды.