Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Аталған құрлықтық біріншілік Ливан астанасы Бейрутта өтіп жатыр. Батыр Аликен (73 кг), Нұржан Бисенов (81 кг), Бақжан Байтас (90 кг) және Диана Тельбаева  (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.