Теміртауда жоғалып кеткен 47 жастағы ер адамның денесі табылды
Теміртауда жоғалып кеткен 47 жастағы ер адамның денесі табылды
Фото: Sputnik.kz
126
оқылды

47 жастағы ер адам 23 қарашада үйінен шығып, сол күйі кері оралмаған. Теміртау қаласының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, қала тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабарламаға назар аударды.

Іздеу шараларына облыстың ішкі істер органдары мен волонтерлер қосылды.
«Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында із-түзсіз жоғалған адамның кісі қолынан өлгені анықталды», – дейді Қарағанды қаласы ПД баспасөз қызметі.
5 желтоқсанда полицейлер кісі өлтіргенін мойындаған Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады.
«Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп қосты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.