Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі үшін алатын гонорары белгілі болды
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі үшін алатын гонорары белгілі болды
Фото: Nur.kz
136
оқылды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-6) анголалық Манель Капемен (17-6) өткізген айқасы үшін алатын гонорары белгілі болды.

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 31 турнирінде Жұмағұлов Капеден бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Осы жекпе-жек үшін Жалғас 24 500 доллар (20 000 доллар – октагонға шыққаны үшін, 4 500 доллар – ыталандыру бонусы) алды.
Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.