Ақтауда жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Ақтауда жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Сурет: "Отырар" сайтынан алынды
184
оқылды
Полиция Ақтауда жолдың қақ ортасында төбелескен жастардың кім екенін және жанжалдың себебін анықтап жатыр. Жастардың жаппай төбелесі 4 желтоқсанда түнде түсірілген. Оқиға 27 шағын ауданда болған, – деп хабарлады "Лада". https://www.youtube.com/watch?v=CIR7cafx8YM&feature=emb_title Кадрда бірнеше жігіт пен қыздың төбелесіп жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерге көп ұзамай жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келді. Жергілікті полиция оқиғаға қатысты түсініктемені кейін беретінін мәлімдеген.