Алина Дауранова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды
Алина Дауранова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды
Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық Алина Дауранова 500 метрге жүгіруден үшінші орын иеленді. Ол 500 метрді 00:39.08 секундта жүгіріп өткен. Алтын және күміс медалді Нидерланд елінің өкілдері жеңіп алды. Бұл Алинаның аталған кубоктік кезеңдегі екінші медалі. Кеше қазақстандық спортшы 1000 метрге жүгіруден күміс жүлде иеленген болатын.