Әлем чемпионатында 25 алтын алды
Әлем чемпионатында 25 алтын алды
148
оқылды
Румынияның астанасы Бухаресте армрестлингтен өткен 42-әлем чемпионатына 50 мемлекеттің спортшылары қатысып, екі күн бойы күш сынасты Ұлттық құраманың сапында қатысқан Түркістан облысының спортшылары ересектер арасында үш алтын, екі күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Атап айт­қанда, 55 келіге дейінгі салмақ дә­режесінде Нұрмахан Ердәулет әлем чемпионы атанса, 60 келіге дейінгі салмақта Ерсайын Мейрамбек алтын медаль иеленді. Ал Сарыбай Ердәулет 65 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Күміс медальдарды Мағжан Шәмиев(75 келі) пен  Берік Тағабаев (100 келі) олжалады. Абсаттар Дәурен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоладан алқа тақты. Турнир қорытындысы бойынша «Шардара Армспорт» клубының жуан білекті жігіттері 25 алтын медальді жеңіп алған.