Өзбекстан президенті Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы өзбек басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Шавкат Мирзиеев Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген. Мемлекеттік сапар аясында өтетін негізгі шаралар ертеңге жоспарланған. Тараптар кеңейтілген және шағын құрамда кездеседі. Қос елдің басшылары сауда-экономика, инвестиция, көлік және логистика сияқты салалардағы ынтымақтастықты талқылайды.Бұдан бөлек аймақтық және халықаралық саясат мәселелері жөнінде пікір алмасады.