Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, Солтүстік Қазақстан да «қызыл» аймақтан шықты

Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, Солтүстік Қазақстан да «қызыл» аймақтан шықты

Бүгін Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Бүгін Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан науқас тіркелген жоқ.