ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерманды не үшін құттықтады?
ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерманды не үшін құттықтады?
Фото: А.Ахметқазы
313
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Жүрсін Ерманды құттықтады. Бұл туралы ДДСҰ төрағасы Тедрос Адханом Гебрейесус Facebook-тағы ресми парақшасында видео жариялады.

«Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, ғұмырыңыз ұзақ, құдалығымыз мәңгілік болсын!», – дейді видеода Тедрос Адханом Гебрейесус.

  Жүрсін Ерманды қазақ тілінде құттықтаған Тедрос Адханом Гебрейесустың видеосына қазақстандықтар да пікір жазып қалдырған. Оның ішінде, үйқамақта отырған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бар.   [caption id="attachment_174015" align="aligncenter" width="493"] width= Фото: Е.Біртановтың парақшасынан скриншот[/caption]
Біртанов: «Тедрос мырза, рақмет! Сізге, отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!» деген мағынада ағылшын тілінде пікір жазып қалдырған.
 width= Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының Жүрсін Ерманға «Құрметті құда» деуінің себебі, Қазақпараттың жазуынша, ақынның жиені Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. «Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой», – деді Жүрсін Ерман.

Тедрос Гебрейесус – 2017 жылдан бері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры.  2012-2016 жылдары Эфиопияның Денсаулық сақтау министрі болған.