Әріптесінің атынан 3,5 миллион теңге несие рәсімдеген тұрғын ұсталды
Әріптесінің атынан 3,5 миллион теңге несие рәсімдеген тұрғын ұсталды
Фото: entrepreneur.com
232
оқылды

Биыл 26 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 55 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Жәбірленуші әйел өз атына біреу 3 млн 500 мың теңге несие рәсімдегеніне шағымданған. Несие жәбірленушінің ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы алынғаны белгілі болды. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті жәбірленушінің 22 жастағы әріптесі екені белгілі болды. Оны полицейлер қамауға алды.

Ол жәбірленушінің қараусыз қалдырған ұялы телефонын пайдаланып, кредит рәсімдеген. Тергеу жүргізіліп жатыр.