Алматыда тағы бір қыз 12-қабаттан секіріп кетті

Алматыда тағы бір қыз 12-қабаттан секіріп кетті

Әлеуметтік желіде Алматыда тағы бір қыз 12-қабаттан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады.   Куәгерлер «жас қыз Ақсай 1А ықшам ауданындағы 8-үйдің 12-қабатынан секіріп кеткенін» айтқан. Алматы қалалық полиция департаменті бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркегенін хабарлады (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу).

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері анықталуда», – деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда 28 жастағы әйел 3 баласымен 9-қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.