Аталмыш фактіге қатысты сот отырысы өткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 1-бөліміне сәйкес жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.«Сондай-ақ ол 15 тәулікке қамауға алынды. Көлік жүргізушісі 103 қызметінде емес, балансында санитарлық автокөлігі бар Тереңкөл орталық аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын тексергеннен кейін Тереңкөл ауданы ауруханасының басшылығына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданады», – деп хабарлады басқарма.Айта кетейік, полиция департаменті демалыс күндері мас күйінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.