Осы қыста қолайсыз ауа райы кезінде тасжолға шыққан қазақстандықтарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бұған дейін министр құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан алыс жолға шығатын көлік жүргізушілеріне айыппұл салу қажеттігін айтқан.
"Осы қыста ескертуге қарамай жолға шығатын және артынан біздің көмегімізге зәру болатын жүргізушілерге қатысты ешқандай әкімшілік шара қолданылмайды. Алайда болашақта ондай адамдардың жауапкершілігін қарастыру қажат. Оны қай кезде қарайды, ол жағы белгісіз", - деді Ильин журналистерге берген сұхбатында.Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері төтенше жағдайлар қызметі 4,5 мыңнан астам адамды құтқарды. Олардың ішінде 414 бала бар. Бір жарым мыңнан астам техника қар құрсауынан шығарылды.