Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақта жолаушылар сәбидің өмірін сақтап қалды
Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақта жолаушылар сәбидің өмірін сақтап қалды
163
оқылды
Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытында ұшақта сегіз айлық сәбидің жағдайы нашарлап кеткен. Оны медициналық білімі бар жолаушылар құтқарып қалды, деп жазды елордалық Kazakhstan Health Service орталығы.  width= Оқиға 5 желтоқсанда болды. Ұшу кезінде тұншыға бастаған. Оны ұшақтағы оттегі аппаратына қосуға тура келді.
"Бала тұншығып бара жатты. Жүрек соғысы нашарлап кетті. Ол есін жоғалта бастады. Оған жақындағанымызды жүрегі айнып, есін жоғалтып жатты. Ұшақ қонғанға дейін аппаратта ұстадық. Дексаметазон мен аторпинді қолдандық", - деп жазылған орталық парақшасында.
Ұшақта медициналық білімі бар бірнеше жолаушы болған. Олар 40 минут бойы балаға медициналық көмек көрсетті. Сәбиді ата-анасы астанаға операция жасатуға әкеле жатқан. Әуежайға жедел жәрдем көлігі шақыртылып, науқас бала Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілген.