Өткен демалыста Теміртауда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан үй иесі мен жұбайының денесін тапты.
"Теміртауда отқа абайсыз қарау (темекі шегу) салдарынан тұрғын үйдің ағаш едені, сондай-ақ, жалпы аумағы 15 шаршы метр болатын тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті. Өрт орнында екі адам зардап шекті. Оқиға орнынан үй иесі мен әйелінің денесі табылды. Қайтыс болған 1952 және 1956 жылы туған азаматтар, - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.