Еліміздің ең қастерлі мерекесінің бірі – Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президен-ті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы кез келген еліміздің тұрғынына ерекше әсер етті деп ойлаймын. Алғашқы тәуелсіздік алған кездегі еліміздегі саяси шешімдер, ел тұтқасын ұстаған басшылардың іс-әрекеті, сындарлы ойлары, алғашқы жиындармен келісімдердің қалай өткені туралы мақалада бәрі ашық жазылған. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын уақыттарда Елбасына сеніп, жақсы күндердің алда екеніне сеніммен қарап, бір үмітпен үлкен қадамдар жасалды. Қазақстандықтардың аға буыны біз өмір сүріп жатқан елдің бастауында тұрды. Олардың еңбегі, төзімділігі мен қайсар рухының арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында жастардың оқу оқып, білім алу үшін «Болашақ» бағдарламасының бастау алғаны, алғашқы ТМД ұйымының құрылуы мен сауда-саттық байланыстар туралы кең көлемде жазылған. Жастардың бұл мақаладан ұғынары көп деп ойлаймын.
Уәлихан БОЛАТБЕК, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты