Жарқын болашаққа бағдарымыз
Жарқын болашаққа бағдарымыз
Тұғырлы Тәуелсіз­ді­гі­міздің 30 жылдығы қар­са­ңында Тұңғыш Президенті­міз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарыққа шықты. Мақалада Тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтар, құрбан болған жастар, ата-бабамыз ба­сынан кешірген қиындықтар мен сынақтар жайлы сөз болды. Егемендікке қол жеткізу де, оны жариялау да, сақтап қалу да оңай емес екені сөзсіз. Елбасы өз мақаласында бұрын-соңды тарих беттерінде көрініс таппаған, көп­шілікке беймәлім, жаңа, тың деректермен бөлісті. Елбасы тоқталып өткен де­ректер өскелең ұрпаққа айтылған өсиет деп білемін. Өйткені отыз жыл ішінде жас мемлекеттің жаңа буыны қалыптасты. Елбасы өсие­тін, ата-баба аманаты – ел Тәуел­сіздігін кейінгі буынға жеткізу, сақ­тап қалу біздің тікелей пары­зымыз деп білемін. Сонымен қатар Тұңғыш Пре­зи­дентіміз әрдайым ерекше көңіл бөліп келе жатқан ынты­мақ­тас­тық, ұлтаралық ауызбіршілік, татулық Тәуелсіздікті нығай­ту­дың бірден-бір негізі деп есеп­теймін. Осы орайда жастардың да рөлі ерекше. Себебі ертеңгі бейбіт қоғамды қалыптастыратын біз, жастар. Сондықтан Елбасы мақалада көтерген мәселелер мен тың де­рек­терді бойымызға сіңіріп, өс­келең ұрпаққа насихаттау, жар­қын болашаққа деген бағдарымыз деп қабылдау – біздің бірден-бір міндетіміз.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы