Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарыққа шықты. Мақалада Тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтар, құрбан болған жастар, ата-бабамыз басынан кешірген қиындықтар мен сынақтар жайлы сөз болды. Егемендікке қол жеткізу де, оны жариялау да, сақтап қалу да оңай емес екені сөзсіз. Елбасы өз мақаласында бұрын-соңды тарих беттерінде көрініс таппаған, көпшілікке беймәлім, жаңа, тың деректермен бөлісті. Елбасы тоқталып өткен деректер өскелең ұрпаққа айтылған өсиет деп білемін. Өйткені отыз жыл ішінде жас мемлекеттің жаңа буыны қалыптасты. Елбасы өсиетін, ата-баба аманаты – ел Тәуелсіздігін кейінгі буынға жеткізу, сақтап қалу біздің тікелей парызымыз деп білемін. Сонымен қатар Тұңғыш Президентіміз әрдайым ерекше көңіл бөліп келе жатқан ынтымақтастық, ұлтаралық ауызбіршілік, татулық Тәуелсіздікті нығайтудың бірден-бір негізі деп есептеймін. Осы орайда жастардың да рөлі ерекше. Себебі ертеңгі бейбіт қоғамды қалыптастыратын біз, жастар. Сондықтан Елбасы мақалада көтерген мәселелер мен тың деректерді бойымызға сіңіріп, өскелең ұрпаққа насихаттау, жарқын болашаққа деген бағдарымыз деп қабылдау – біздің бірден-бір міндетіміз.
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы