Бүгін Семейде І ауысымның 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Семей қаласында ауа райы күрт суытып, қалада көктайғақ болады. Сондықтан 1-ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.
Оқушылар сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды.