Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, «сары» аймақта 6 өңір қалды
Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, «сары» аймақта 6 өңір қалды
Фото: twitter.com

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Кешеден бастап «қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 545 адамнан коронавирус анықталды.