Салымшылар келесі жылдан бастап БЖЗҚ-дағы артық соманы «Отбасы банкіне» аудара алады, – деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, жоба талқыланып жатыр.«Жоба талқыланып, пысықталып жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері тексерілуде. Зейнетақы жинағындағы артық ақшаны «Отбасы банкіне» аудару жобасы шамамен 2022 жылы жүзеге асуы мүмкін» делінген министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін Жаңа жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі өзгеретінін жазған болатынбыз.