Атыраулық полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарды
Атыраулық полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарды
141
оқылды

Бүгін, яғни сағат 9:20 шамасында Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атыраудағы Жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған азаматшаны анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама береді.

Патрульдік полиция батальонының рота командирі полиция капитаны Алмас Закариев Жаяу жүргіншілер көпіріне барып көпірдің арғы жағында көпірден секірмекші болған азаматшаны анықтайды. Азаматшамен кері байланыс орнатып, өз-өзіне қол салу ойынан қайтарғысы келген полиция қызметкерімен әңгімелеспей секіріп кеткен.  width= Алайда, оқиға орнына дер кезінде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері полиция лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев пен полиция сержанты Айбат Джаубаев көпірден секірген әйелді құтқарып қалды.

Қазіргі таңда әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.