Ortalyq Qazaqstan және «Индустриальная Караганда» газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтуде
Ortalyq Qazaqstan және «Индустриальная Караганда» газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтуде

Ortalyq Qazaqstan және «Индустриальная Караганда» газеттеріне – 90 жыл! Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек басылым қызметкерлерін мерейтойымен құттықтады.

– 90 жыл бойы газеттерде айдарлар, жобалар, форматтар, редакциялар құрамы өзгерді, бірақ өңірдің маңызды оқиғалары мен проблемаларын жариялаудағы сапа, жеделділік өзгеріссіз қалды, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек құттықтау сөзінде. – Басылымдар бұрынғысынша қызықты адамдар, көрнекті жерлестер туралы әңгімелейді және өз оқырмандарын жаңа нөмірлермен, жаңа жобалармен үнемі қуантуда. Енді онлайн форматқа да көшіп жатыр. Сіздер барлық өзгерістер мен реформаларды көрсете отырып, Ел Тәуелсіздігінің айнасы болдыңыздар.

Мерейтой иелерін Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев та құттықтады. Сонымен қатар, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин және ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов редакцияға құттықтау хаттарын жолдады.

Газеттердің мерейтойына орай өңірдегі ең көне екі басылымның тарихы баяндалған кітаптар таныстырылды. Басылымдарда газет пен көрнекті жұмысшылардың көптеген өзгерістері туралы фактілер жинақталған.

– Бүгінгі таңда екі газет Saryarqa Aqparat медиахолдингінің құрамына кіреді. Барлық уақытта баспасөз уақыт талабына сай болуы керек деп есептелді. Екі газеттің басылымдары осы талаптарға әбден жауап береді. Биыл олардың форматы өзгерді, сайттары жаңартылды және әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізілуде. Мұның бәрі біздің сүйікті оқырмандарымызға арналған, – деді Saryarqa Aqparat медиахолдингінің директоры Қамбар Ахметов.

Мерекелік шарада басылымның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен екі редакция қызметкерлері марапатталды. Қазақстан Президенті әкімшілігінің алғыс хаттары тілшілер Жансая Омарбек пен Светлана Свичке табысталды.

Журналист Самал Шиль және дизайнер Шынар Адамбекова Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен алғыс хатқа ие болды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен Ortalyq Qazaqstan газетінің ардагері Сүйіндік Жанысбай және «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягких марапатталды.

Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен екі басылымның ардагерлері Төрехан Майбас пен Екатерина Кузнецова, аға дизайнер-беттеушілер Марал Әйнекова мен Юрий Билушенко, журналистер Әсел Жетпісбаева, Аман Жанғожин, корректор Бағдат Нұрмағамбетова марапатталды.

Журналистер одағынан дизайнер-беттеуші Дмитрий Мехаев, тілшілер Аяулым Совет, Жалел Шалқар, Нұрдос Кәрім және «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягких алғыс хаттарға ие болды.

«Қазақстанның құрметті журналисі» атағына газет ардагерлері Сұлтан Кемелбаев, Аман Жанғожин, Андрей Пухальский және Әлібек Әбдірашев ие болды.

Ortalyq Qazaqstan газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков пен фотограф Валерий Петухов Қазақстан Журналистер Одағының көрнекті жетістіктері мен азаматтық қоғамның дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алтын медальдармен марапатталды.