СҚО-да отбасының барлық мүшесі улы газдан уланып қалды
СҚО-да отбасының барлық мүшесі улы газдан уланып қалды
фото: pixabay.com
160
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы улы газдан уланып қалды. Ұйқысынан оянып кетіп, жылаған бала қайғылы оқиғаның алдын алған. Бұл туралы Тайыншы ауданының төтенше жағдайлар  бөлімінің басшысы Жанат Донанов айтты, деп жазады Петропавловск.news 3 желтоқсанда отбасы көмірқышқыл газынан уланған. Жанат Донановтың айтуынша, төтенше жағдайлар бөліміне ауруханадан қоңырау түскен.
"Қабылдау бөліміне ерлі-зайыптылар мен олардың үш баласы түскен. Қазіргі уақытта зардап шеккен отбасы мүшелерінің жағдайы тұрақты деп бағалануда", - деді Жанат Донанов.
Төтенше жағдай түнгі уақытта болған. Жанұяны түнде жылаған бала құтқарып қалған. Бүлдіршіннің жылаған даусынан анасы мен үлкен қызы оянып кетіп, тамағының жыбырлағанын сезген. Олардың бәрі жеңіл дәрежеде уланып қалған.