Елордада қар тазалайтын көліктің астында қалған зейнеткер әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға Нұрғиса Тілендиев көшесінің бойында орын алған.
«7 желтоқсанда сағат 15:45 шамасында шағын қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып, артқа шегінгенде тротуарда келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр» делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.