Ақмола облысы аумағында «Екатеринбург-Алматы» тас жолында болған жол апатынан 10 адам зардап шекті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 6 желтоқсанда сағат 17:05-те Аршалы ауданы Шөптікөл стансасының жанында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1318-ші шақырымында орын алған.
«Қарағандының 40 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Highlander автокөлігі жол жиегінде тұрған Kia Rio көлігін соқты. Жеңіл көліктің жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 44 жастағы тұрғыны. Соққыдан жеңіл көлік орнынан сырғып, жол жиегінде тұрған Toyota RAV4 көлігіне соқтығысты», – деп түсіндірді ведомстводағылар.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ЖКО салдарынан барлығы 10 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.