Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz
405
оқылды
Ақтөбеде 24 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жатқызылды. Оқиға 6 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында болды. «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі Мәншүк Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті алкогольді сусын тұтынып, масаң күйде басқарған. Оқиға салдарынан зардап шегуші Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.