Тарих пен заман сөзі
Тарих пен заман сөзі
465
оқылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы қарса­ңында Қазақстан­ның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев­тың «Тә­уел­сіздік тағы­лы­мы» ат­ты ма­қа­ласы ұғына білген адам­ның ұлт­тық бол­мы­сын жанып, па­триоттық ру­хын асқақтатады. Расында, егемендік бабалар армандаған елдік пен еркіндіктің символы болып жалғасқан ұлы арман еді. Елбасы мақаласынан сонау өткен заманның қалтарыс-бұлтарысы мен бүгінгі тәу етер тәуелсіздік жылдарындағы же­тістігімізді таныдық. Тарихтан бел­гілі сақтар мен ғұндар, одан соң түркі халқы туын тіккен Ұлы далада өз мемлекетінің негізін қалады. Елбасы дауылдар мен да­былдар, «жан алысып, жан бе­ріскен», «егеулі найза» ұстаған ықы­лым замандардан бері ұлты­мыздың баға жетпес өзіндік дәс­түрлері мен әдет-ғұрпын, еркіндіктің рухы мен рухани кеңістігін, ғажайып тілі мен сұлу сазын сақтап қалған қасиеттерін тебірене жазды. Жүрекке жет­кіз­ді. Ғасырлар тоғысында, ел та­ри­хында ерекше орны бар тәуел­сіздік салмағын көтеру оңай болмағанын ерекше атап өтті. Әрине, Елбасы жүрегіндегі сөз – тарих сөзі, заман сөзі, ұрпақ сөзі. Жалпы, осы мақаладан Кеңес Одағының тарихи жолдарын шолуға болады. Өткен ғасырдың 70-жылдарындағы жағдай, одан кейінгі Горба­чевтің «қайта құру» саясатының қалай күй­ре­генін Елбасы ашық жазды. Ұлт Көшбасшысы жазған­дай, қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы «бір жағадан бас шығарды». Ор­тақ мақсат үшін небір қиын­дықтарды жұмыла жеңіп, ұлттық бірлік пен татулыққа қол жет­кізді. Өткен тарих – кеткен та­рих емес. Ол – бір жағынан ұлт жадында, ұрпақ санасында қа­латын қиын, зобалаң жылдардан хабар беретін құжат болса, екін­шіден, онда баба­ларымыздың асқақ арманы орындалған кезең де құндақтаулы. Мақалада Елбасы халық ру­хына бас иетінін жеткізді. Иә, ха­лық небір зұлмат күндерді көр­се де, қиындыққа көніп, еш мо­йымады, үміті үзілер шақта бо­ла­шаққа сенді, кері емес, алға жыл­­жыды. Ұлы Отан соғысы жыл­да­рында Отан үшін от кешті. Осы­ның барлығын байыппен жазған Елбасының мақаласында үлкен ой, тағылым жатыр. Сон­дықтан бұл – тәуелсіздік жолы­ның жыл­намасы. Онда Елбасы 30 жыл­дық белестегі халық, ұлт тағдырын жас ұрпаққа сыр ре­тінде жаз­ған­дай. Әрине, Қазақ­стан­ның өрке­ниет­ті елдердің қа­тарына қосылуы да Тұң­ғыш Президенттің кемеңгер басшы бол­ғанын айғақтайды. Мақала ұлттық мұратымызды сара­лап, болашаққа қадам ба­суға оң ық­пал етеді деп ойлай­мын. Себебі Елбасы жүрегінен шыққан сөз тарихпен астасып, шынайылы­ғымен ерек­ше­ле­неді. Тұңғыш Президент осы уақытқа де­йін ұл­ттық құндылықтарды жан­дан­дырып, біре­гейлікті сақ­тауға көп күш салды. Мақаланы оқығанда соның барлығын та­разы­лай оты­рып, «Елбасы жо­лы – Қазақстан жолы» екеніне көз жеткізесің.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстанның Еңбек Ері