24 жастағы ер адам арзан бағамен пәтер алып беремін деп семейліктерді алдап кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретінін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.
«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады», – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.