Жаңажылдық мерекені отбасында атап өту керек
Жаңажылдық мерекені отбасында атап өту керек
228
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жаңа жыл мерекесін отбасында атап өткенді жөн санайды. Сон­дай-ақ үлкен-кішілі ұжым­дық кештер өткізу әр ай­маққа және эпидемиология­лық жағдайға байланысты екенін мәлімдеді. «Жаңа жыл – әрқашан от­басы­лық мейрам. Сондықтан адамдар санын шектеген дұрыс. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкі­нішке қарай, ауру әлі де таралып, өлім-жітім деректері тіркеліп жатыр. Барынша са­қта­нып, мерекені отбасыңызбен ғана қарсы алыңыз», – деді министр. Оның айтуынша, ірі жиындарды да шектеген жөн. «Адамдар аз жиналған жиын­ның өзінде індет жұқтыру қаупі бар, оның алдын алу үшін белгілі талаптарды орындау қажет. Қазір ара­қашықтық сақталатын кейбір конференцияларды айтпағанда, ірі іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Мектептердің өзі күн сайын жабылып қалатынын көріп отырсыздар. Адамдар әлі де ауырып жатыр. Одан құтылудың жалғыз тәсілі – вакцинация», – деді Алексей Цой. Ол Денсаулық сақтау министрлігі ұжымдық кеш өткізбейтінін жеткізді.