ШҚО-да бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырамында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырамында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында (Глубокое ауданы мен Шемонаиха ауданының арасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.