Әлем елдеріне тең ойыншы ретінде танылдық
Әлем елдеріне тең ойыншы ретінде танылдық
174
оқылды
Еліміз егемендік алған күннен бастап халықаралық аренада өзін тәуелсіз мемлекет ретінде мойындата білді. «Тәуелсіз мемлекет» атану – қағаз жү­зінде ғана жүретін процесс емес. Шет­елмен мықты байланыс орнату үшін халықаралық аренада тәуелсіз ойыншы ретінде орнығу керек. Ол үшін Қазақ­станды әлем мемлекеттері өзіне тең ойыншы ретінде тануы маңызды болды. Тарихи және географиялық ор­наласуына байланысты жас тәуелсіз мемлекетіміз көптеген мемлекеттің арасында қалды. Сон­­дықтан дипло­ма­тия мем­ле­кеттің өзегі болып табы­ла­тынын назарға алған Елбасы көре­генділік танытып, тәуелсіздік алған күннен бастап басқа елдермен байла­ны­сын нығайта бастады. Ал халық­аралық қарым-қатынастардың ең басты қағидасы – бірлік пен ке­лісім, береке мен ынтымақ. Ұлт­ара­лық тату­лық пен дінаралық келісімге негіз­делген саясат сәтті жүзеге асырыла бастады. Тұңғыш Президентіміздің бұл саясаты қазір әлем деңгейінде наси­хат­талуда. Екіншіден, сыртқы сая­сат­ты орнықтыру үшін ішкі саясаттың да бекем болуы қажет екені ерекше ескерілді. Осы ішкі саясатты жү­зеге асыру үшін мемлекеттің не­гіз­гі стратегиялық құжаттары жа­зылды. Соның негізінде мемле­кет­тің ха­лық­аралық деңгейіндегі сыртқы саясаты да орныға бас­та­ды. Оның біреуі – «Қазақстан-2030» стратегиясы. Ол жердегі белгіленген межелі көрсет­кіш­тер елімізді үлкен жетістіктерге жет­кізді. Ендігі жерде еліміздің ары қарай гүлденуі жолында «Қазақ­стан-2050» стратегиясы жал­ға­сын тапты. Осын­дай ішкі страте­гия­лық құжаттардың іске асуының арқасында сыртқы саясаттың негізгі айқын бағыттары шықты. Сонымен бірге бейбітшілікті сақ­тау, ядролық қарудан бас тарту секілді негізгі тарихи құжаттарды қабылдадық. Қазақстанның тәуелсіз ел ре­тінде жасаған алғашқы қадам­да­рының бірі әлемдегі қуаты тұр­ғы­сынан 4-ші ядро­лық қарудан бас тартуы болды. Елбасының арнайы Жарлығымен 1991 жылы еліміздегі Семей атом сынақ алаңы жабылды. Осылайша, Қазақ­стан ұлттық қа­уіпсіздікті ядролық қарусыз-ақ сақтауға болатынын әлем­ге паш етіп, қару қауіпсіздік кепілі емес екенін көрсетті. Бұл – Ел­­ба­сының бейбіт әрі көпбағытты саясатты тең ұстауының арқа­сында ғана қол жеткен табыс.

Индира РЫСТИНА, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы