Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымнан неге бас тартты?
Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымнан неге бас тартты?
©️saule omarova/twitter
282
оқылды

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы жоғары лауазымға ұсынған еді. Алайда Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінің Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымынан бас тартты. Бұл туралы Ақ үй өкілдері сейсенбіде мәлім етті, – деп жазады Tengrinews.kz.

Осыған дейін Сәуле Омарованың кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынған еді. Бірақ Сенаттағы тыңдау кезінде Сәуле Омарова өткен өмірі үшін ақталып, коммунист емес екенін дәлелдеуге мәжбүр болды. Өзі коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелері коммунизмнен зардап шеккенін айтқан болатын.
«Сәуле Омарованың АҚШ Қаржы министрлігі Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым» делінген Байденнің мәлімдемесінде.
Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Заңтану докторы дәрежесі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Бұған дейін АҚШ Сенатында банк реттеушісінің басшысы лауазымына Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғанын жазған болатынбыз.