«Болашақ» қоры 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда ол жерде аутизмге шалдыққан 12 бала білім алып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейдің директоры Шынар Әубәкірова айтты.
Инклюзивті білім берудің мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балалардың да қатарынан қалмай білім алуына, қоғамға етене жақын араласуына жағдай жасау. Қазіргі таңда дені сау балаға білім беру де педагогтерге жан-жақтылықты талап етеді. Ал аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс істеудің қиын екенін айтпаса да түсінікті.Сондықтан 2015 жылдан бері «Болашақ» қоры «Әр бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында астанадағы №71 мектеп-лицейде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда ол жерде аутизмге шалдыққан 12 бала білім алады.
Жуырда Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Рик Демс Қазақстанға ресми сапары аясында «Болашақ» қоры ашқан инклюзивті білім беру кабинетін арнайы аралап көрді. Рик Демспен инклюзивті білім берудің қоғамда жаппай қолжетімді болуын қамтамасыз ету жайын талқыладық.Егер ерекше күтімді қажет ететін балалар кішкентайынан дені сау қатарластарынан қалмай білім алса, денсаулығы оңалса, қоғамдық көзқарас та өзгереді. Сол себепті, инклюзивті білім беру аясын кеңейту – еліміздегі әлеуметтік саланың дамуының айғағы. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін ғана емес, олармен бір қоғамда өмір сүретін дені сау адамдардың да оларға деген көзқарасын өзгертеді, қарым-қатынасын жақсартады. Айта кетейік, «Болашақ» қорының қолдауымен «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизммен ауыратын және басқа да менталды ауытқушылығы бар 600 бала мектепке баруға мүмкіндік алды, ал 20 бала жетектеп жүруді қажет етпей, сыныпта өз бетінше білім ала алатын жағдайға жетті. Болашақтықтар 6 жыл ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтады. Онда 284 педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар дамуында ерекшелік бар 600 баланың білім алуына көмектеседі.
«Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында балалардың 90%-ы сөйлеуді үйренді, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері атанды. 2000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқыды. Болашақтықтардың сараптамалық қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің 8 өңірінде тағы 16 инклюзияны қолдау кабинетін ашты.