Шу ауданының полиция бөліміне 44 жастағы ауыл тұрғыны 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шоқпар ауылына іргелес орналасқан жеке шаруашылықтан белгісіз біреу 16 бас қойды ұрлап, 550 мың теңге материалдық шығын келтіргеніне шағымданды.
Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер Шу қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.