Келесі жылдан бастап зейнетақы қорындағы артық қаражатын қанша қазақстандық ала алатыны белгілі болды
Келесі жылдан бастап зейнетақы қорындағы артық қаражатын қанша қазақстандық ала алатыны белгілі болды
© ult.kz
163
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне қатысты хабарламасын түсіндіріп берді, – деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгеріс енгізу жүргізілмеген және жоспарланбаған деп хабар таратқанымыз, министрлік жаңадан есептеу жүйесін ойлап тапқан жоқ. Бұл бұған дейін іске асқан әдістеме. Ал зейнетақы жинағындағы алуға болатын қаражаттың 2 есе өсу себебі, 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер көлемі ұлғайғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілсе, 2022 жылға ТЖШ шамасы да өсті. Бұл жаңа әдістеме емес. Бұл техникалық өзгеріс», – дейді баспасөз қызметкері.
Министрліктің хабарлауынша, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді. Белгілі болғандай, 2022 жылы тек 150 мыңдай қазақстандық зейнетақы қорындағы артық қаражатын тиісті мақсаттарға бағыттай алады.