Алматыда коронавирустан қайтыс болған талантты актерді еске алды
Алматыда коронавирустан қайтыс болған талантты актерді еске алды
586
оқылды

Алматыда өткен жылы дүниеден өткен талантты актер Дархан Дайырбекті еске алу кеші өтті.

Қаладағы П. Чехов атындағы кітапханада өткен кеште актердің өмірі мен ағайын-туыс, достарының естеліктері жинақталған "Дархан" атты жинақ кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар, "Дарханның дара жолы" деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Дарынды ұлды еске алуға өнердегі, өмірдегі достары жиналды. Еске алушылардың арасында сөз алған, Қазақстанның халық әртісі Қанат Құдайбергенов өнерпаздың рухына арнаған әнін орындап берді. Айта кетейік, талантты актер Дархан Дайырбек 2020 жылы шілде айында коронавирус дертінен қайтыс болған болатын.