Жамбылда заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Жамбылда заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді
© polisia.kz
96
оқылды
Жамбылда заңсыз айналымнан үш тоннадан астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 677 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 113 есірткі өткізу дерегі, аса ірі көлемде сақтаудың 77 дерегі, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұздың бір дерегі бар. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 431 қылмыстық теріс қылықты, есірткі заттарын контрабандалаудың 22 дерегін және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 23 дерегін анықтап, 587 түп марихуана есірткі шөбін жойды.
– Заңсыз айналымнан 3 тонна 354 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3 тонна 248 келі марихуана, 105 келіден астам гашиш, 1 келі 35 грамм героин және бір келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді, – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Сонымен қатар Жамбыл облысының аумағында жерді жырту, шабу және өртеу арқылы 112 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 тоннаға артық.