Google қазақстандық қолданушылардың 2021 жылы жиі іздеген ақпараттары рейтингін жариялады. Іздеу жүйесінің мәліметі бойынша, Google-дан қазақстандықтар "Онлайн мектеп" сайтын көп іздеген болып шықты.
"Google-дың қазақстандық қолданушылары арасында екінші жыл қатарынан білім беру ресурстарына деген үлкен қызығушылық сақталған. Дайын үй жұмысы сұраныстардың алғашқы ондығына кірген, Білім ленд, Күнделік кз кіру және Нұр сабақ үлкен сұранысқа ие болған. Сондай-ақ қазақстандықтар ұлттық санақ, Еуро-2020 Чемпионаты және "Игра в кальмара", "Атака титанов" және "Истинная красота" сериалдары туралы ақпаратты көп іздеген", – делінген хабарламада.Мына тақырыптарды жиі іздеген:
- Онлайн мектеп
- ДҮЖ
- bilimland.kz
- Nursabaq.com
- "Игра в кальмара"
- Евро-2020
- Sanaq.gov.kz
- "Атака титанов"
- Kundelik.kz
- "Истинная красота"
- "Веном 2"
- "Лига справедливости Зака Снайдера"
- "Отряд самоубийц 2"
- "Круэлла"
- "Душа"
- "Вечные"
- "Гнев человеческий"
- "Красное уведомление"
- "Мортал комбат"
- "Черная вдова"
"Сериал" санатындағы үздік үштікке сенсация болған "Игра в кальмара", "Атака титанов" анимесі және "Истинная красота" драмасы кірді. Қазақстандықтар арасында бұрынғысынша түрік және Оңтүстік Корея сериалдары үлкен сұранысқа ие, биыл ең танымал сериалдар қатарында – "Королева Чорин" және "Винченцо" дорамалары және "Постучись в мою дверь" түрік сериалы бар. Сондай-ақ, отандық "Токийские мстители" және "Обещанный Неверленд", Netflix-тен "Джинни и Джорджия" және ресейлік "Трудные подростки" сериалы алғашқы ондыққа кірді", – дейді сарапшылар.Мына сериалдарды жиі іздеген:
- "Игра в кальмара"
- "Атака титанов"
- "Истинная красота"
- "Королева Чорин"
- "Токийские мстители"
- "Джинни и Джорджия"
- "Постучись в мою дверь"
- "Винченцо"
- "Трудные подростки" 3-сезон
- "Обещанный Неверленд"
- Темір жол билеті
- Алматыда пәтер сатып алу
- Ұшаққа билет
- Бассейн
- Көлік
- Желдеткіш
- Медеуге билет
- Сәтті жұлдыз онлайн билетін алу
- Киноға билет
- Елордада көмір сатып алу